«Жеке шекара» сауалнамасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2026

«Жеке шекара» сауалнамасы

23 ақпанда білім алушылар арасында тұлғалық қауіпсіздік, саналы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және буллинг пен психологиялық қысымның алдын алу мақсатында «Жеке шекара» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 7–11 сыныптардан барлығы 196 оқушы қатысты. Сауалнаманы ДТІЖО Г. Кусманова Google Disk платформасы арқылы онлайн форматта өткізді. https://forms.gle/n4ddLvk7WyXcfMY87Сауалнама нәтижелері оқушылардың жеке шекара, қауіпсіз мінез-құлық, өз құқықтарын қорғау және өзгенің құқығын құрметтеу туралы түсініктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Нәтижелерді талдау барысында:

Оқушылардың басым бөлігі (179 оқушы) қарым-қатынастағы саналы шекараны өз құқықтары мен жеке кеңістігін сақтау ретінде дұрыс түсінетінін көрсетті.

184 оқушы саналы шекаралардың негізгі мақсаты қауіпсіз және құрметке негізделген қарым-қатынас орнату екенін атап өтті.

187 оқушы жеке шекара бұзылған жағдайда сыпайы түрде өз шекарасын білдіру қажет екенін көрсетті.

188 оқушы рұқсатсыз жеке мәлімет тарату жеке шекараны бұзу екенін дұрыс анықтады.

Интернет қауіпсіздігі бойынша 184 оқушы құпиясөзді қорғау және жеке мәліметті жарияламау қажет екенін білді.

180 оқушы құрбы-құрдастар қысымына қарсы тұру, «жоқ» деп айту және сенімді адамға хабарлау қажеттігін таңдады.

195 оқушы қақтығысты тиімді шешу үшін ашық және сабырлы сөйлесу маңызды екенін көрсетті.

188 оқушы өзін қорғаудың алғашқы қадамы жағдайды бағалау екенін түсінді.

Буллинг жағдайында 192 оқушы сенімді ересек адамға хабарлау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар соңғы сұрақ бойынша кейбір оқушылар (174) басқалардың шекарасын құрметтеуді дұрыс түсінбей, бақылау жасау немесе басқару ретінде қабылдаған. Бұл оқушылар арасында тұлғааралық қарым-қатынас мәдениеті мен өзара құрмет құндылықтарын нығайту қажеттігін көрсетті. Жалпы, сауалнама нәтижесі оқушылардың көпшілігінде қауіпсіз мінез-құлық, өз құқықтарын қорғау, психологиялық тұрақтылық және саналы шешім қабылдау дағдылары қалыптасып келе жатқанын көрсетті.

Қорытындылай келе, сауалнама оқушылардың тұлғалық қауіпсіздікке қатысты білім деңгейінің жақсы екенін көрсетті. Дегенмен, басқалардың жеке шекарасын құрметтеу, келісім мәдениетін қалыптастыру және жауапты қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру бағытында жұмысты жалғастыру қажет.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив