1 маусым мен 30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілетін айлық іс-шараларының орындалуы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым мен 30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілетін айлық іс-шараларының орындалуы
03
июнь
2026

1 маусым мен 30 маусым аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілетін айлық іс-шараларының орындалуы

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндіру мақсатында мектепте 2026 жылдың 25 мамыр күні «Есірткісіз өмір – біздің таңдауымыз!» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Көксу аудандық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша дәрігері Рахат Дәлелханұлы, нарколог Бейсенова Р.К. оқушыларға есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы өміріне тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ зиянды әдеттерден аулақ болып, денсаулықты сақтау, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/DZElP32MS8q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


26 мамыр күні «Балаларды қауіп-қатерден қалай қорғаймыз?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырған 10-сынып жетекшісі Вахреева Н.

https://www.instagram.com/reel/DZEpw6RsZ9g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебімізде «Алтын балалық шақ!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
 Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтарын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және жазғы демалысты жарқын әсермен бастау болды.

Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар түрлі ойындарға, спорттық жарыстарға, шығармашылық сайыстар мен көңілді эстафеталарға қатысып, белсенділік танытты. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді.https://www.instagram.com/reel/DZCp_T-MSsJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына қызығушылығын арттыру мақсатында 7-сынып оқушылары үшін Үштөбе қаласындағы Қаратал мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар мұражай қорындағы тарихи жәдігерлермен, өлкеміздің өткені мен мәдени құндылықтарын танытатын экспозициялармен танысты. Мұражай қызметкерлері Қаратал өңірінің тарихы, белгілі тұлғалары және ұлттық құндылықтары туралы қызықты мәліметтер ұсынып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Танымдық экскурсия оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті. Сонымен қатар, жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған тәрбиелік әңгімелер жүргізілді.

Саяхат жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар ерекше әсер алып қайтты. Іс-шараның өтуіне 7-сынып жетекшілері Д. Әбітаева мен А. Нұркен жетекшілік жасап, оқушылардың қауіпсіздігі мен белсенді қатысуын қамтамасыз етті.

https://www.instagram.com/p/DZErYIJjDR0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

2 маусым күні мектепте «Біз салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерсіз болашақты қолдаймыз» атты челлендж ұйымдастырылды.


Челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, зиянды әдеттердің алдын алу және жастардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салтын дәріптейтін ұрандар айтып, спортпен шұғылданудың, дұрыс тамақтанудың және денсаулықты сақтаудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар нашақорлық, темекі шегу және басқа да зиянды әдеттердің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін кері әсерлері жөнінде ақпарат таратып, құрдастарын пайдалы әдеттерді таңдауға шақырды.

Челленджге қатысқан оқушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, дені сау, білімді әрі саналы ұрпақ қалыптастыру жолында салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын білдірді. Шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.

https://www.instagram.com/reel/DZEoJnFMrDk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


2 маусым күні 7-сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен нашақорлықтың, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оның салдарын емдеу мәселелері бойынша «Отбасы ағашы» атты кездесу өтті.

https://www.instagram.com/reel/DZEnrBVsJJ5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және оқушылардың өз тегін, әулет тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 8-сынып оқушысы Бердібек Алтынбек өзінің апасымен «Отбасы ағашы» атты сұхбат өткізді. Сұхбат барысында Алтынбек апасынан  нашақорлықтың зияны туралы құнды мәліметтер алды. 

https://www.instagram.com/reel/DZEo9Y8MTf1/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA


Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру мақсатында мектеп-гимназияда «Тәртіп және жауапкершілік» тақырыбында қуыршақ театры ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар қуыршақ кейіпкерлері арқылы күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды сахналады. Қойылымда мектеп ережелерін сақтау, үлкендерді құрметтеу, қоғамдық орындардағы тәртіп мәдениеті, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәселелері көрініс тапты.

Қуыршақ театры арқылы оқушылар жақсы мен жаманды ажыратып, тәртіпті болудың, өз міндеттерін адал орындаудың маңыздылығын түсінді. Қойылым көрермендердің қызығушылығын оятып, тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды.

Шара соңында оқушылармен пікір алмасу өткізіліп, тәртіпті сақтау мен жауапкершілікті сезінудің әр адамның өміріндегі маңызды құндылық екендігі айтылды.


https://www.instagram.com/reel/DZFYCaysgCN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив