07
апрель
2026
Денсаулық күні -күш пен жігер мерекесі!
Денсаулық күніне орай мектеп-гимназияда Жетісу өңірінен шыққан белгілі спортшы, армрестлингтен әлемнің 3 дүркін, Азияның 12 дүркін чемпионы, рекордсмен, жаттықтырушы Абдуали Төлегенұлы Тастановпен кездесу ұйымдастырылды. 💪
Кездесу барысында спортшы оқушыларға өзінің өмір жолы туралы айтып қана қоймай, спорттағы жетістіктерін таныстырып, әлемдік және халықаралық жарыстардағы жеңістерімен бөлісті. 🏆 Сондай-ақ табандылық пен еңбекқорлықтың маңыздылығы туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтырумен тұрақты айналысу және мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңе білу жөнінде құнды кеңестер берді. 🥇
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, армрестлинг спортының қыр-сыры туралы түсіндірді. Кездесу соңында спортшы Абдуали Тастанов жас буынға ақжарма тілегін білдіріп, ел намысын қорғайтын болашақ чемпиондар шығатынына сенім білдірді. 🤝
Кездесу соңында армрестлинг спорт түрі бойынша шебер сынып көрсетті.
Аталған шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты. 🌟