08
апрель
2026
Кәсіптік бағдар жұмысы
Көксу ауданы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Қожа Ахмет Яссауи университетінің мамандарымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат беру, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсету, болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға ықпал ету 🎯
Кездесу барысында университеттің кәсіби бағдар жұмысы жөніндегі ректор кеңесшісі Жанашев Исабек оқушыларға жоғары оқу орнына түсу талаптары, мамандықтар ерекшелігі және болашақта дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар университет амбассадорлары оқушылармен еркін форматта сұрақ-жауап ұйымдастырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында белсенділік танытқан оқушыларға естелік сыйлықтар тарту етілді 🎁
Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттыруға өз ықпалын тигізді