«Заң және тәртіп»
2026 жылдың 15 мамыр кұні «Заң және тәртіп» тақырыбында Көксу АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны А.Тасболатқызы, АПБ жедел аға уәкілі, полиция капитаны Рахматулин Асылжан 9–11- сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Кездесу барысында мамандар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, интернет желісін қауіпсіз пайдалану, зиянды әдеттердің салдары, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың салдары түсіндіріліп, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аудандық полиция бөлімінің мамандарынан толық жауап алды.
https://www.instagram.com/p/DYWropMDFy9/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
