4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне
Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай арнайы жоспар құрылып, бекітіліп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 18 мамыр күні мектеп-гимназия оқушылары мемлекеттік Гимнді орындады. 19 мамыр күні «Патриотизм дауысы» акциясы аясында патриоттық әндер орындау челленджі өткізіліп, оқушылар өз өнерлерін көрсетті.