25
май
2026
«Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі»
25 мамыр күні сағат 9.00 де мектеп-гимназия фойесінде 2025-2026 оқу-жылының қорытындысы бойынша «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиынды педагог-ұйымдастырушы А.Жұмабек және физика пәнінің мұғалімі Ғ.Қайрат жүргізді.
Салтанатты шараға Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы Уәлиев Ұлан Бақытгелдіұлы, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Көксу ауданының Құрметті азаматы Бәзілов Сайлау Бәзілұлы, Әжелер алқасының мүшесі, Көксу ауданының Құрметті азаматы Балабекова Аңсабала Асылбекқызы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Усенова Салтанат Әзімжанқызы, ата-аналар комитетінің төрағасы Асықбаева Анар Саятқызы, ата-аналар мен ұстаздар қауымы қатысты.
Жиын барысында мектеп-гимназия директоры Нурдаулетова Айдынгүл Жүрекқызы түлектерге ақ жол тілеп, мектеп мәртебесін көтеріп жүрген дарынды оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдірді. Сонымен қатар қонақтар мен ата-аналар тарапынан құттықтау сөздер айтылып, түлектерге сәт-сапар тілектері жолданды.
Мектеп бітіруші түлектер ұстаздарға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқып, білім мен тәрбие берген ұстаздарына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ «Білім аманаты» рәсімі өткізіліп, 11-сынып оқушысы, «Үздік аттестатқа» үміткер Айқынқызы Айгерім білім кілтін 10-сыныптың үздік оқушысы Аманбай Айзереге табыстады.
Салтанатты шараның әсерлі сәттерінің бірі – соңғы қоңырау соғу рәсімі болды. 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгіге» үміткер түлектер Алмабаев Арлан мен Мұратқызы Мерейге берілді.