«Өмірге салауатты қадам» тақырыбында алдын алу шарасы
2025 жылғы 7 қазан күні «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында алдын алу шарасы өтті. Іс-шараға 8–11- сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты – оқушылар арасында лудоманияның, интернеттегі қауіптердің, зиянды әдеттердің алдын алу, саналы өмір салтын қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету.
Кездесуге құзырлы орган өкілдері қатысты:
• Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің инспекторы Керімбаев Ақжол Бақдәулетұлы
• Дәрігер Рахат Дәлеланұлы
• Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Малтаева Анар Мұратқызы.
Қонақтар оқушыларға лудомания мен интернетке тәуелділіктің зияны, құқықтық жауапкершілік, төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережелері және психологиялық тұрақтылық туралы кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар белсенділік танытып, мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әсіресе «Цифрлық қауіпсіздік», «Жеке деректерді қорғау», «Лудоманияның алдын алу», «Қиын жағдайдағы психологиялық көмек» тақырыптарындағы пікірлер ерекше қызығушылық тудырды.
Қорытынды:
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушыларда өмірге позитивті көзқарас қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктерін нығайтуға ықпал жасалды.