«Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында алдын алу шарасы » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ноябрь
2025

«Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында алдын алу шарасы

2025 жылдың  4 қарашада Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында алдын алу шарасы өтті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойынға тәуелділікке бейім болу себептерін түсіндіру, оның құқықтық, әлеуметтік және психологиялық салдарын ұғындыру, бос уақытты тиімді өткізуге бағыттау болды.  Іс-шараға ТІЖО Г.Т.Мейрбекова, әдеп және құқық жөніндегі ментор Саян Айдарұлы, мектеп психологы Марал Мейіржанқызы, әлеуметтік педагог Римма Маратқызы, жастар орталығының әдіскер-нұсқаушысы Ақын Таңнұр Қапурақызы, сондай-ақ 8-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында мамандар ойынға тәуелділіктің психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсіндіріп, өз уақыттарын тиімді жоспарлау, спорт және шығармашылыққа баулу жолдарын ұсынды.
 Кездесу соңында “Өмірдің ойыны – өз қолыңда!” атты бейнеролик көрсетіліп, “Уақытты ойында емес, өмірде ұт!” ұранымен қорытындыланды.Іс-шара оқушылардың санасында салауатты өмір салты мен жауапкершілік ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив