«Зиянды әдеттердің алдын алу» атты сауалнама » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72838) 2-01-16
Есепші бөлімі:
+7(72838) 2-01-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2026

«Зиянды әдеттердің алдын алу» атты сауалнама

6 сәуірде мектеп-гимназия оқушылары арасында  салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Зиянды әдеттердің алдын алу» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 132 оқушы қатысты. .10 сұрақтан тұратын сауалнама гугл диск https://forms.gle/SZ3DE7AjvoZCFmDD9  бойынша алынды. 

Нәтижелерге сәйкес, оқушылардың басым бөлігі (123 оқушы) өздерін салауатты өмір салтын ұстанатындар қатарына жатқызады. Бұл – оқушылар арасында дұрыс өмір салтының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, 120 оқушы өз ортасында темекі немесе алкоголь қолданатын құрдастары жоқ екенін атап өткен.

Құрдастар қысымына қарсы тұру мәселесінде 123 оқушы «әрқашан қарсы тұра аламын» деп жауап берген, бұл жасөспірімдердің психологиялық тұрғыда тұрақтылығының жоғары екенін байқатады. Бос уақытты тиімді өткізу бойынша 69 оқушы спортпен немесе шығармашылықпен айналысатынын көрсетсе, 52 оқушы достарымен уақыт өткізетінін айтқан.

Спорт пен шығармашылыққа тұрақты түрде 99 оқушы қатысатыны анықталды, бұл салауатты өмір салтын ұстануға оң әсер етеді. Интернеттегі зиянды ақпаратқа қатысты 59 оқушы қарсы пікір білдіретінін, ал 68 оқушы елемейтінін көрсеткен.

Зиянды әдеттерге қызығушылық бойынша 129 оқушы «ешқашан ойламадым» деп жауап берген, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Қиын жағдайда көмек сұрау бойынша оқушылардың көпшілігі мұғалімдерге (65) және достарына (48) жүгінетінін білдірген.

Болашақта денсаулықты сақтау мақсатында 84 оқушы спортпен айналысуды, 48 оқушы дұрыс тамақтануды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 130 оқушы «зиянды әдеттерден аулақ болу – өзіңді құрметтеу» деген пікірмен толық келіседі.

Жалпы алғанда, сауалнама нәтижелері оқушылар арасында салауатты өмір салтының қалыптасқанын және зиянды әдеттерге қарсы көзқарастың жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Ұсыныстар:

  1. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру.
  2. Психологиялық тренингтер өткізу арқылы оқушылардың «жоқ» деп айту дағдыларын одан әрі дамыту.
  3. Интернеттегі зиянды ақпараттарға қарсы медиа сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүргізу.
  4. Ата-аналармен бірлескен жұмыстарды күшейту, отбасылық тәрбиеге көңіл бөлу.
  5. Қиын жағдайдағы оқушыларға мектеп психологы мен әлеуметтік педагог тарапынан тұрақты қолдау көрсету.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив