"Ардагерлер-асыл ерлер"
2024 жылдың 2 ақпан күні мектеп-гимназия мәжіліс залында «Ардагерлер-асыл ерлер» атты Көксу ауданынан Ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу өтті. Шараға 6-11-сынып оқушылары, мектеп-гимназия ұстаздары қатысты. Кездесуді өткізуге мектеп-гимназияның «Жас Ұлан» БҰ және мектеп Парламенті белсенді түрде атсалысты. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері: Ишмуханбетов Серік Намазбаевич, Жексенов Қадылбек Нұрбекович қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік әңгімелер