02
December
2025
«Көшеден қалай өтуге болады?»
Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және балаларға көшелер мен жолдарда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету мақсатында тобының жетекшісі Темірбеков Дидар Айтқұрманұлы және топ белсенділері «Көшеден қалай өтуге болады?» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен практикалық сабақ өткізді.
Практикалық сабақ сыныпта және ашық аспан астында жол белгілері мен таңбалардың макеттері орналасқан мектеп-гимназия алдында жалғасын тапты. Оқушылар бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен жүру керектігі, жолдағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындау қажеттілігі туралы мағлұмат алды.
Мұнда оқушылар жол қозғалысын реттеушінің белгілерімен танысты.
Бастауыш сынып оқушылары «Қалқан» жас инспекторлар тобының белсенділеріне қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.