"Абайлаңыз, балалар!"
Жаңа оқу жылының басталуына орай жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Абайлаңыз,балалар!» акциясы аясында жол көлік полициясының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Коксу АПБ бастығы полиция Mayоры Таңатаров Е.Е., Коксу АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Курмансеитов Е.Е., ЖПҚБ бастығы полиция Mayоры Кабдыгалиев А.Ж. мектеп-гимназия оқушылары арасында "Жолда жүру ережелері" тақырыбында ақпараттық-насихат жұмысын ұйымдастырды.