«Жасөспірім және заң» тақырыбындағы апталық жиын өтті » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72838) 2-01-16
bookkeeping:
+7(72838) 2-01-16
Version for
visually impaired
24
November
2025

«Жасөспірім және заң» тақырыбындағы апталық жиын өтті

24 қараша күні  «Жасөспірім және заң» тақырыбы аясында апталық жиын өткізілді. 

Апталық жиынның басында ай құндылығы, апта дәйексөзі, ҚР мемлекеттік рәміздері қайталанды.

Жиынды жүргізуші ашып, қатысушыларды қарсы алып, жиынның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу екенін атап өтті.

Жүргізуші күн тәртібімен таныстырып, оқушыларға құқықтық білімнің маңызын түсіндірді. Жасөспірімдерге қатысты заң талаптары, олардың қоғамдағы рөлі және мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығы айтылды.

ТІЖО Г.Т. Мейрбекова оқушыларға адам құқықтарының негізгі бағыттарын түсіндіріп, әр баланың білім алуға, демалуға, қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы екенін атап өтті. Сонымен бірге оқушылардың міндеттері де еске салынды:

  • мектеп тәртібін сақтау;
  • өз іс-әрекетіне жауап беру;
  • өзгенің құқықтарын құрметтеу.

Буллинг, кибербуллинг, ұсақ құқықбұзушылықтардың заңды салдары туралы айтылып, бұл әрекеттердің жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.

Schoolchildren «Жасөспірім және құқық» атты танымдық бейнеролик көрсетілді.

Оқушылар назарына төмендегі құжаттар ұсынылды:

  1. ҚР Конституциясы
  2. «Балалар құқықтары туралы» конвенция
  3. «Бала құқықтары туралы» ҚР Заңы

Бұл құжаттардың балалардың құқықтарын қорғаудағы рөлі түсіндірілді.

Оқушылардың қатысуымен кибербуллингке қатысты қысқа жағдаят ұсынылды.

  • бір оқушы әлеуметтік желіде қорлайтын хабарлама жібереді;
  • жәбірленуші оқушы психологқа жүгінеді;
  • мұғалім кибербуллингтің заңмен тыйым салынатынын, интернеттегі әр әрекеттің жауапкершілігі бар екенін түсіндіреді.

Жүргізуші қорытындылай келе, әрбір жазба мен әрекеттің салдары болатынын еске салды.

Әдеп және құқық менторы С.А.Нүсіпжанов жасөспірімдер үшін жауапкершілік жасын түсіндірді:

  • 14 жастан – кейбір құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік;
  • 16 жастан – әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік.

Сонымен қатар мектеп ішінде тәртіп бұзу, төбелес, зат бүлдіру, рұқсатсыз кету фактілері хаттамаға енетіні айтылды. Schoolchildren қауіпсіз, мәдениетті орта қалыптастыруға үлес қосу қажеттілігі баса айтылды.

Жүргізуші жиынды қорытындылап, заңды білу – өз қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты жолы екенін атап өтті. Тәртіп, жауапкершілік, сыйластық – әр жасөспірімнің негізгі құндылықтары екені айтылды.

Апта бойы осы тақырып аясында әр сыныпта тәрбие сағаттары және құқықтық іс-шаралар өткізілетіні хабарланды.

https://www.instagram.com/p/DRb-U7kDMju/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив