17
November
2025
"Қауіпсіз мектеп-бақытты бала" сынып сағаттары өтті.
2025 жылғы 17 қараша күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, мектептегі және қоғамдық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру, буллинг пен құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызын жеткізу.
