«Қауіпсіз қоғам – жарқын болашақ кепілі» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72838) 2-01-16
bookkeeping:
+7(72838) 2-01-16
Version for
visually impaired
09
October
2025

«Қауіпсіз қоғам – жарқын болашақ кепілі»

2025 жылдың  9 қазан   күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Қауіпсіз қоғам — жарқын болашақ кепілі» атты кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, заңға бағыну мен тәртіп сақтаудың маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз қоғам құрудағы әрбір адамның жауапкершілігін ұғындыру болды.

Кездесуге құрметті қонақтар ретінде:

  • Аналар кеңесінің мүшелері Билибаева Алия Имбергенқызы мен Көпбаева Марқаш Қауысқызы;
  • Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ, полиция капитаны Тасболатова Айдана Тасболатқызы;
  • Көксу АПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі УПИ, полиция аға лейтенанты Оразалие Диас Қайратұлы
  • Ұлдар кеңесінің төрағасы Ғибадат Қайратұлы;
  • Қыздар кеңесінің төрағасы Айтқазы Айым Талғатқызы 
  • Әдеп және құқық менторы Нүсіпжанов Саян Айдарұлы қатысты.

Кездесу барысында қауіпсіз қоғам құрудың маңызы, зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, жеке кеңістік пен жыныстық тиіспеушілік мәдениеті туралы өзекті тақырыптар қозғалды. Ашық микрофон алаңында оқушылар пікір білдіріп, сұрақтар қойды.

Шара соңында ҚР The presidentі Қ.К. Тоқаевтың жастардың қоғамдағы рөлі туралы айтқан ойлары негізге алынып, оқушыларға қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңызы ерекше атап өтілді.

https://www.instagram.com/reel/DPlrwcrjJt3/?igsh=ODNhdHFsMTl0dDB3


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив