04
September
2025
"Қауіпсіз қоғам"
2025 жылдың 4 қыркүйек күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Қауіпсіз қоғам» тақырыбында құзырлы орган қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп сақтау, заңға бағыну, жеке қауіпсіздік және қоғамдағы жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру. Кездесуге Көксу ауданы бойынша психологиялық қолдау орталығының әдіскері Малтаева Анар Муратовна, дін істері басқармасының маманы Бектемиров Мақсат Қалимжанұлы, Көксу аудандық орталық ауруханасының врач психиатры, нарколог Бекжанова Гайния Оразбековна, аудандық полиция бөлімінің инспекторы Диас Оразалинов, әдеп және құқық менторы Нусипжанов Саян Айдарұлы қатысты. Қонақтар оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, буллинг пен лудомания, есірткі мен зиянды әрекеттерден аулақ болу, деструктивті діни ағымдардың алдын алу туралы кең ақпарат берді.
Оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, ашық диалог жүргізді. Кездесу тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Оқушылар мамандарға сұрақтар қойып, ашық диалог жүргізді. Кездесу тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі әсерлі өтті.