19
November
2024
“Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі”
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған жиынға Көксу АПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция Mayоры Кабдыгалиев Аслан Жарасұлы, УПИ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Керімбай Ақжол Болатқанұлы,ЖПҚБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Тойбазаров Қайсар Серікұлы қатысты. Шараға 8-11-сынып оқушылары қатысты. А.Жарасұлы “Жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі” тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау керектігін атап өтті. Қ.Серікұлы буллинг, кибербуллинг туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды сMarchфон арқылы жасалатын құқықбұзушылықтар мен буллингтен аулақ болуға шақырды.