«Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында апталық жиын өтті
Жоспарға сай 24 ақпан күні 5-11-сынып оқушылары арасында «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбында апталық жиын өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңыздылығын түсіндіру, оны ұқыпты пайдалану және қорғау дағдыларын қалыптастыру. Жиын барысында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және сынып жетекшілері қоғамдық мүлікті сақтау мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.