«Экологиялық тәртіп ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары
2026 жылдың 14 сәуір күні мектеп-гимназияда 1–11 сынып оқушылары арасында «Экологиялық тәртіп ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және күнделікті өмірде экологиялық тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру болды. Сынып сағаттары барысында оқушыларға табиғатты қорғау, қоқысты сұрыптау, су мен энергияны үнемдеу, жасыл желекті сақтау туралы мәліметтер