19 наурыз – «Жаңару күні»
Наурызнама онкүндігі аясында 19 наурыз – «Жаңару күніне» орай Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көгалдандыру және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында өткен бұл игі шараға Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы, аудан әкімінің кеңесшісі Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлы, аудан әкімінің орынбасары Зейнулда Абзал Секенұлы, Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Кузбаев Қуат