14 наурыз – Көрісу күні
14 наурыз – Көрісу күні . Бұл күні мектеп ұжымы мен оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі – Көрісу күніне арналған іс-шараларға қатысты. Оқушылар бір-бірімен және ұстаздарымен көрісіп, амандасып, жылы лебіздерін білдірді. Сынып сағаттарында Көрісу күнінің мәні мен маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні насихатталды.