«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Заң тәртіптің айнасы» MI BATTLE
2026 жылғы 27 қаңтар күні мектеп-гимназияда 7–11- сынып оқушылары үшін «Заң тәртіптің айнасы» тақырыбында MI BATTLE зияткерлік ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту. Ми баттл сайысы интеллектуалдық сайыс форматында ұйымдастырылып, 30–40 минутқа созылды. Сайысқа әрқайсысы 4 оқушыдан құралған “Әділет”, “Парасат” командалары