«Мен адал боламын, себебі…» тақырыбында оқушылар арасында ашық
11 қараша күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Мен адал боламын, себебі…» тақырыбында оқушылар арасында ашық микрофон форматында пікір алаңы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жеке пікір айту дағдыларын дамыту және парасаттылықты насихаттау болды. Пікір алаңына 9–10 сынып оқушылары белсене қатысып, ашық микрофон арқылы өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірлік мысалдармен