«Мен адал боламын, себебі…» тақырыбында оқушылар арасында ашық микрофон форматында пікір алаңы
11 қараша күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында «Мен адал боламын, себебі…» тақырыбында оқушылар арасында ашық микрофон форматында пікір алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, жеке пікір айту дағдыларын дамыту және парасаттылықты насихаттау болды. Пікір алаңына 9–10 сынып оқушылары белсене қатысып, ашық микрофон арқылы өз ой-пікірлерін ортаға салып, өмірлік мысалдармен бөлісті.
Оқушылар «Адал болу – өз-өзіне сенімді болу», «Адалдық – адамның айнасы», «Қоғамның дамуы – адал ұрпақтың қолында» деген тұжырымдар айтып, парасатты қоғам құру жолында әр адамның жеке жауапкершілігі маңызды екенін жеткізді. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тәрбиелік мәні зор пікірталас алаңына айналды.
https://www.instagram.com/reel/DSHfIGZjcYE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==