10
февраль
2022
Танымдық үрдістерді дамыту
10 ақпан күні айлық жоспарға сай 4-сынып оқушыларымен танымдық үрдісті дамыту бойынша ойын-жаттығулар жүргізілді. Балаларда таным үрдістерін және де шығармашылық қабілеттерін дамытуда ойын-жаттығулардың маңызы зор. Ойын жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл -күйін көтеретін ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті,алғырлықты,тапқырлықты,ұқыптылықты,ізденімпаздылықты,іскерлікті,дүниетаным өрісінің көлемділігін,көп білуді,сондай -ақ басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі. Баланың есту,зейінін,тез ойлану қабілеттерін дамыту мақсатында мынандай ойын-жаттығулар жүргізілді: "Қайсысы ненің дауысы","Не екенін тап","Суреттерді дұрыс құрастыр", "Жұбын тап","Көбелектер әлемі".