Зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған ойын жаттығулар
Зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған жаттығулар
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Біздің міндетіміз- жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды.Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, 5- сынып оқушыларының танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету жұмыстары жүргізілді.Осыған орай, 5- сынып оқушыларымен зейіннің тұрақтылығын дамытуға арналған жаттығулар жүргізіліп,жаттығу барысында әртүрлі ойын элементтері қолданылды.