«Бірге күресейік – болашағымыз үшін» тақырыбында сынып сағаттары өтті
2025 жылғы 1 желтоқсан күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназияда «Бірге күресейік – болашағымыз үшін» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мероприятие «Заң және тәртіп» бағытымен ұштастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіп нормаларын сақтау және заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтен қорғану, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білу қажеттілігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Қауіпсіз мектеп», «Жауапкершілік және тәртіп», «Оқушының құқықтары мен міндеттері» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар топтық жұмысқа қатысып, жағдаяттарды талдау, пікір алмасу, құқықтық нормаларды күнделікті өмірде қолдану бойынша тапсырмаларды орындады. Сынып жетекшілері ҚР Конституциясындағы негізгі құқықтар мен бостандықтар, «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясындағы баптар, сондай-ақ мектептің ішкі тәртіп ережелерін түсіндірді.
https://www.instagram.com/p/DRt20GdjJg3/?utm_source=ig_web_copy_link