"Абайлаңыз,балалар!"
Көше қиылысында жол қозғалысын реттеуші тұрған жағдайда жолдың арғы бетіне қалай өтуге болады? Анықталғандай, осындай жағдайды реттейтін жол қозғалысы ережелері туралы оқушылардың кейбірі білмейді. Сондықтан, тәртіп сақшылары «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында оқушыларға арнап «Көшеден қалай өтуге болады?» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу және балаларға көшелер мен жолдарда өздерін қалай ұстау керектігін үйрету.