10
декабрь
2021
Қабылдау қабілетін дамыту
10.12.2021 күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушыларымен «Қабылдау қабілетін дамыту» тақырыбында ойын-жаттығу өтті. Әр түрлі жаттығулар мен ойындар балалардың қызығушылығын тудырды. Жаттығу барысында «Ине мен жіп», «Не үлкен?»,«Сиқырлы қобдиша»атты жаттығулар жүргізілді. Ойын соңында кері байланыс жасалды. Оқушылар ойын-жаттығу барысында бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болды. Балалар өз ойларын емін еркін жеткізуге тырысты. Психологтар балалардың көңілін көтеретін қызықты жаттығулар жүргізді.