Менің ішкі әлемім
14.12.2021 күні Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушыларымен «Менің ішкі әлемім» атты тренинг өтті. Мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екенін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып,дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Тренинг 5 бөлімнен тұрды. Әр түрлі жаттығулар мен ойындар өтті. Тренинг барысында «Автопортрет», «Мен басқаның көзімен», «Сиқырлы қобдиша» атты жаттығулар жүргізілді. Тренинг соңында кері байланыс жасалды. Оқушылар тренинг барысында бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болды. Балалар өз ойларын емін еркін жеткізуге тырысты.