08
февраль
2022
Жас мамандармен жұмыс
Өзін-өзі түсіну, орта мен үйлесімділік қарым-қатынас жасауға дағдыландыру,мәдени сөйлеу білігін дамыту,өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру,парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында мектептегі жас мамандармен 8 -ақпан күні тренинг өтті. Тренинг құрлымы мына бөліктерден тұрды: "Таныстыру","Көңілді шеңбер", "Баға", "Жағдаяттық сұрақтар", "Биопоэма". Тренинг жас педагог мамандардың ұжым арасында,оқушылар алдында,өзін-өзі ұстай білуге,бейімделу кезенің қалыпты өтуге жағдай туғызу мақсатында жас мамандарға психологиялық кеңес берілді.