«Өмір мен үшін!» флеш-моб
«Өмір мен үшін!» флеш-моб
Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2020 жылдың 10 желтоқсаны күні «Өмір мен үшін!» атты флеш-моб өтті. Іс-шара барысында мектеп-гимназиясының педагог-психологы Ғ.Белгібаева зум платформасы арқылы 8-9 сынып оқушыларына «Бәрі менің қолымда!» тақырыбында тренинг өткізді. Білім алушылардың өзіндік тұлғасына сенімділік орнату, өз бойындағы қорқыныш, сенімсіздік стереотиптерін жойып, «Мен» концепциясын жоғары ұстауға машықтандыру мақсатында өткен тренинг барысында «Менің есімім» жаттығуы жасалып, оқушылар өз аттарын айтып, бойындағы жақсы қасиеттерін айтты. «Менің қолымнан барлығы келеді» релаксациялық жаттығуы жасалып, «Ойланып көрейік» жаттығуы арқылы өмір туралы ұғымдарын дамытты.Тренинг соңында «Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады?» сұраққа жауап іздеп,кез келген іске жақсы көңіл күймен, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып кірісу керек деген кеңестер берілді.
Осы іс-шара барысында мектеп-гимназиясының педагог – психологы М. Майкенова ата-аналарға «Қашықтан оқуды ұйымдастыруға байланысты психолог кеңесі» атты қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек беру және осы оқу кезінде бала психологиясына қысым түсірмей жеңіл өтуге арналған бірнеше кеңес берді.