Оқу-жаттығу өтті
«Террорлық актілердің қаупі төнген немесе пайда болу жағдайында мектеп басшылығының, педагогикалық ұжымның, құрамалардың, техникалық қызметкерлердің, оқушылардың әрекеті»тақырыбында 2024 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 09.35 те оқу- жаттығу өткізілді. Дабыл естілген кезде мектеп-гимназия мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен оқушылары мекеме ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды. Жаттығуға 55 мұғалім, 22 кіші қызметкер, 780 оқушы қатысты.
Оқу-жаттығу шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталды (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117).
Жаттығулар аясында келесі мәселелер қамтылды:
- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге
(іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуі, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Оқу-жаттығуларын өткізу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарға алынды, оқу-жаттығудың дұрыс ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу қорытындылары туралы анықтама мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде бейне шолу түрінде орналастырылды.
Әлеуметтік желілерде төтенше жағдайлар кездегі іс-қимыл алгоритмі жарияланды.
Ата-аналар арасында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығы/31.07.2023 №237 өзгерістермен/ таныстырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар мен мектеп-гимназия ұстаздары және кіші қызметкерлері арасында төтенше жағдайлар /өрт, жер сілкінісі немесе техногенді сипаттағы авариялар/,өмірге қауіп төндіретін күдікті зат анықталған жағдайда іс-әрекет жасау алгоритмімен таныстыру, лаңкестік қаупі кезіндегі іс-әрекеттер туралы оқу-жаттығуларды жүйелі түрде өткізіп, эвакуация жасау жолдарын таныстыруды пысықтап отыру жолға қойылған.
https://www.instagram.com/p/DAFikOFCukW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==