"Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимлы" тақырыбында оқу-жаттығу өтті.
2024 жылдың 5 ақпан күні оқу- жаттығу өткізілді. Дабыл естілген кезде мектеп-гимназия мұғалімдері, кіші қызметкерлері мен оқушылары мекеме ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды. Жаттығуға 40 мұғалім, 20 кіші қызметкер, 780 оқушы қатысты.
Оқу-жаттығу шеңберінде Білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталды (2022 жылғы 30 наурыздағы № 117).
Жаттығулар аясында келесі мәселелер қамтылды:
- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына алгоритмдерге
(іс-қимылдар мен міндеттерге) сәйкес нұсқама берілді;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау берілді;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау ұйымдастырылды;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуі, сондай-ақ дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуі тексерілді.
Оқу-жаттығу өткізу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарға алынды.