1 наурыз-Ааматтық қорғаныс күніне орай оқу -жаттығу өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия бойынша 1 наурыз – Бүкілдүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілді.
1 наурыз күні мектеп-гимназия оқушылары және мектеп мұғалімдері, кіші қызметкерлері арасында төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз аймаққа шығу бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназия кітапханасында «Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны және көшкін кезінде не істеу керек?» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды, видео ақпарат көрсету ұйымдастырылды.
1-4-сынып оқушылары арасында «АҚ және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.
5-11-сынып оқушылары арасында «Төтенше жағдайлар» тақырыбында сауалнама алынды. Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралардың өтілуіне талдау жасалды. Атқарылған жұмыстар туралы анықтама мектеп-гимназияның ресми сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланды. Өткізілген оқу-жаттығу туралы мәлімет Көксу ауданының төтенше жағдайлар бөліміне жіберілді.