"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" бірінші сабағы өтті
2024-2025 оқу жылында мектеп-гимназияда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру бойынша қызмет ұйымдастырылды. Мектепішілік №146 бұйрық негізінде «Даналық мектебі» клубы мен «Ата-аналар мектебінің» Бағдарламасын іске асыру үшін «Адамның үйлесімді дамуы» институтының 80 сағаттық курсын оқыған, сертификаты бар мұғалімдерден тұратын жұмыс тобы құрылды.Жұмыс тобында 17 педагог бар.
2024-2025 оқу жылына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» сабақ бағдарламасы бекітілді.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру арқылы «Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы» жаңа бағытын құра отырып, Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына Бағдарламаны іске асыру қосылды.
Мектепішілік бақылау жоспарының тарауларына Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асыру үшін іс -шараларды өткізу мерзімдерін айқындай отырып толықтырулар енгізілді.
1-11-сынып жетекшілері ата-аналардың Бағдарламаға қатысуын қамтамасыз етуде, Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, ата-аналар жиналыстарында Бағдарлама аясында жұмыс жүргізілуде.
Мектеп-гимназия әкімшілігі Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметті әлеуметтік желілерде және мектеп сайтында ілгерілетуді жүзеге асыруде. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі қызметке мектептің өзін-өзі басқаруы, мектептің Қамқоршылық кеңесі тартылды.Мектеп-гимназия әкімшілігінің функционалды жауапкершілігіне Бағдарламаны іске асыруға бағытталған толықтырулар енгізілді.
2024 жылдың 19 қыркүйек күні «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында 1-4 -cынып оқушыларының ата-аналарымен «Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы» тақырыбында бірінші сабағы өтті. Сабақты 1 А сынып жетекшісі Ж.Суюнбаева және 4 Б сынып жетекшісі А.Досанова өткізді.
5-9 -сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында бірінші сабағы өтті. Сабақты 8 Ә сынып жетекшісі Қ.Төлеубай және 10 А сынып жетекшісі Б.Төлеубай өткізді.
https://www.instagram.com/p/DAGKbY2iyCH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10-11- сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жасөспiрiмнiң ұйқысы мен психикалық денсаулығы» тақырыбында бірінші сабағы өтті. Сабақты 10 Б сынып жетекшісі Ә.Тоқан және 11 А сынып жетекшісі М.Мұратқызы өткізді.
https://www.instagram.com/p/DAGXqWBiXHl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Даналық мектебі» аясында Әкелер мектебінің «Ата өсиеті»
ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ тақырыбында іс-шара өтті.
https://www.instagram.com/reel/DAGO4-giEgW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==