19
январь
2022
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар
Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады. Осы мақсатта мектеп алды даярлық сыныбы балаларымен ойын-жаттығулар өткізілді. Жаттығу барысында әртүрлі құрастыру, мозайка жұмыстарын жасады. Ұсақ қол моторикасын дамыту жұмыстары қызықты өтті.