Кибербуллинг дегеніміз не? » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
04
ноябрь
2021

Кибербуллинг дегеніміз не?

Кибербуллинг дегеніміз не?

4 қарашада «Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар. Осыған орай мамандар балаларды кибершабуылдан қорғаудың қазақстандық бағдарламасын әзірлеп, бекітуді көздеп отыр. Бұл бағдарламада қандай шаралар қамтылады және олар балалар мен жасөспірімдерді кибербуллингтен қалай сақтандырады? Төменде бұл сауалдарға жауап береміз.

Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Кибербуллинг жасайтындардың арасында педофилдер көп кездеседі. Олар балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш түскен видео не суреттерін салуға көндіреді. Кейін сол суреттерді жұртқа жария етемін деп қоқан-лоққы жасау арқылы кездесуге шақырады не ақша бопсалайды. Ал қысымға шыдамай, шарасыз күйге түскендері көп жағдайда өзіне қол салады. Кибербуллинг қазір бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналған. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес. Балаларды ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң 21 елде бар. Ал Қазақстанда кибербуллингтің құрбандары туралы ешкім статистика жүргізбейді. Сондықтан, мамандар Ұлыбритания мен Ресей тәжірибесінің негізінде буллингтен қорғану туралы кодекстің үлгісін әзірлеген. Онда тек виртуалды кеңістікте ғана емес, жалпы зомбылық көрген балаларға көмектесу жолдары туралы ата-аналар мен ұстаздарға нұсқаулар жазылған.

Ұстаздарға арналған нұсқаулық

Егер ұстаздар оқушының мінез-құлқында қандай да бір өзгеріс барын байқаса, оны мұқият бақылауға алуы қажет. Ал кибершабуылға ұшырағанын немесе жоғары сынып оқушыларынан теперіш көргенін анықтаса, жасырмай мектеп директоры мен ата-ананы да дереу хабардар етуі тиіс. Әрмен қарай, бұл құрықтан баланы құтқарудың жолдарын іздеуі керек. Егер мектеп ұжымының оқушыны тығырықтан шығаруға шамасы жетпесе, арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені жөн. Кейін болған жайтты журналға тіркеп, оқушының мінезіндегі өзгерісті тағы бір ай бойы бақылауы қажет.

Ата-аналар білуі тиіс сақтық шаралары

Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.

Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер. "Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін. 

Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин жасөспірімдерді ғаламторға тәуелді болудан қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек дейді. Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған бала кибербуллингке тап болмайды.Қазір Қазақстанда жасөспірімдерді интернет шабуылынан қорғайтын мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама мен сайттар жоқтың қасы. Тек safekaznet.kz қызметі арқылы шағымдануға болады. Ондағы мамандар посттың заңсыздығын тексеріп, қажет жағдайда парақшаны бұғаттайды. Былтыр бұл желіге кибербуллингке тап болған 3 жасөспірім арызданған.

Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?

Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;

Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;

Мінезінің өзгеруіне әкеледі;

Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;

Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;

Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.


https://www.instagram.com/tv/CV2hsiPFXcC/?utm_=copy_link

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1068584857213078&id=100021847221311

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив