«Буллинг және кибербуллинг»
13 қазан күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында кеңес берілді.
Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсету өршіп тұр. Олар негізінен отбасында және мектепте психологиялық қысым көреді екен. БҰҰ Қазақстанда зерттеу жүргізген кезде елдегі балалардың 79 пайызы сәби күнінен бастап кемсіту мен қорлыққа тап болатынын анықтапты. Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар. Балалар мен жасөспірімдерді кибербуллингтен қалай сақтандырады? Бүгінгі ата-аналармен кездесуде осы өзекті тақырып айтылды.