«Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72838) 2-01-16
Бухгалтерия
+7(72838) 2-01-16
Версия для
слабовидящих
23
сентябрь
2021

«Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг»

23 қыркүйек Ұлдар кеңесі «Жасөспірімдер арасындағы буллинг»Т.Керімбеков https://www.instagram.com/p/CUKDrYML03q/?utm_=copy_link

Біз ақпараттық технологияның қарыштап дамып, қажетті гаджеттердің көптеп пайда болып жатқанына қуанамыз. Оның үстіне бүгінгі таңда интернетсіз жұмыс істеу мүмкін еместей көрінеді. Әрине, бұл қажеттіліктер адамзат игілігіне үздіксіз қызмет етіп тұрғаны жақсы. Дегенмен, көптеген адамдар осы интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалатын кибершабуылдың зардабын да көріп жатыр десек қателеспейміз. Әсіресе, жан-дүниесі депрессияға қарсы тұра алмайтын жастар ғаламтордағы бопсалау, қудалау, үркітіп-қорқыту сынды әрекеттердің кесірінен суицидке баруда. Сондықтан бұл бүгінгі қоғамның басты проблемасына айналып отыр. Сонда арам пиғылды адамдардың қастығынан қалай құтылып, кесел қалай күреспек керек? Бұл бейжай қарайтын жағдай емес Жер бетінде жыл сайын 800 мыңға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсайтын болса, оның көпшілігі 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер екен. Қазақстан суицид бойынша 177 елдің ішінде алдыңғы ондыққа кіріп отыр. Бұл бейжай қарайтын жағдай емес қой. Жалпы, суицид пайда болғалы оған итермелейтін іс-әрекеттердің заман талабына сәйкес түрлері шығып отырған. Ал, оның бүгінгі күні кең тарап отырған түрі – кибербуллинг. Жалпақ тілмен айтқанда, түрлі ғаламтор желілері арқылы жасөспірімдерді бопсалау, қорқыту және қудалау. Бұл – қазіргі ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған дәуірде өте өзекті мәселе. Өйткені, қазіргі жастардың басым бөлігі бір-бір смартфон, планшет ұстап, кейбірі компьютердің алдында күні-түні отыратыны рас. Тіпті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жағдайды атап өтіп, көтерілген мәселені шешу үшін заңнамалық шаралар қабылдау қажет екендігін айтқан болатын. Себеі, осы уақытқа дейін еліміздегі жасөспірімдердің 17 пайызға жуығы осы интернет-қудалаудың құрбаны болып үлгерген екен. Кибербуллинг – адамды ғаламтор беттерінде, мысалы, әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Т.Керімбеков  оқушылардың смартфон ұстап, әлеуметтік желіні бей-берекет пайдалануға болмайтынын әлеуметтік желілердегі суицидке итермелейтін түрлі сайттардан аулақ болу керектігін ескертті. 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив