"Қош бол,алтын-ұя мектебім!"
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 22 маусым күні «Жас түлек-2023» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназия фойесінде сағат 10.00 – де басталды.
Салтанатты жиын барысында мектеп – гимназия ұстаздары мен аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.
Жиын басында мектеп – гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасымова Балауса Серғазықызы орта білім туралы аттестаты және жекелеген пәндерді оқып үйренудегі ерекше жетістігі үшін мақтау грамотасымен марапаттау туралы бұйрықпен таныстырып, мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлы 2022-2023 оқу жылындағы бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырды және мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады,соңынан мектеп бітіруші түлектерге арнап құттықтау сөз сөйледі.
Қонақтардан құттықтау сөз Көксу ауданының әкімінің орынбасары Тасқанбаев Серік Дюсебайұлына, мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Асылбекқызына берілді.
Сынып жетекшілер атынан 11 Ә сынып жетекшісі З.Темірғали, ата- аналар атынан Шаяхметова Гүлмира Берликашевна құттықтау сөз сөйледі.
11- сынып түлегі мектеп – гимназияның түлектері атынан МАйданбек Амира мектеп – гимназияның ұстаздары мен оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Мектеп бітіру кеші барысында 11-сыныптардың жетекшілері С.Сандыбаева мен З.Темірғали және мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.
Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.