"Сыңғырла, соңғы қоңырау!"
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2023 жылдың 1 маусым күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназиясы фойесінде сағат 9.00 – де басталды.
Жиынға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Көксу аудандық филиалының төрағасы Нусипова Дина Шаяхметова,қамқоршылық кеңесінің төрағасы Усенова Салтанат, ардагер ұстаз Құрманова Майра Сәрсенқұлқызы келіп қатысты.
Салтанатты жиын барысында мектеп – гимназия ұстаздары мен аудандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.
Жиын басында мектеп – гимназия директоры М. Б.Тулекенов мектеп – гимназияның 2022-2023 оқу жылындағы жұмысы туралы баяндады.
Қонақтардан құттықтау сөз Көксу аудандық филиалының төрағасы Нусипова Дина Шаяхметоваға берілді. Сынып жетекшілер атынан 11а сынып жетекшісі Сара Сандыбаева, ата- аналар атынан Апимолданова Бахыткуль Жұмағұловна құттықтау сөз сөйледі.
11- сынып оқушысы Даниял Ақмейір мектеп – гимназияның түлектері атынан мектеп – гимназияның ұстаздары мен оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Мектеп – гимназияның «Алтын белгі» белгісіне үміткер түлектері 10 –сыныптың үздік оқушыларына Білім аманатын тапсырғаннан кейін, соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгі» белгісіне үміткерлері Үкібасова Айдана мен Самат Данатқа және 1-сынып оқушылары Сейтмағзұм Бекарыс пен Асхат Аружанға берілді.
Жиын мектеп –гимназияны бітіруші түлектерінің мектеп вальсімен аяқталды.