"Сыңғырла, күміс қоңырау!"
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясында 2021 жылдың 1 қыркүйек күні «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназия ауласында сағат 9.00 – де басталды. Жиынға 1-сынып оқушылары, ата- аналары, ұстаздары қатысты.
Салтанатты жиын барысында санитарлық талаптар сақталды.Жиын алғашқы мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларын мектеп қабырғасында қарсы алудан басталды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қазақстан Конституциясы, МӘҢГІЛІК ЕЛ ұлттық идеясы контексіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласы туралы айтылып, ҚР мемлекеттік Гимні орындалды. Салтанатты жиын ашылды.
Алғашқы сөз мектеп- гимназия директоры Тулекенов М. Б. берілді. Өз баяндамасында Мұратбек Баянұлы мектеп-гимназия ұжымының өткен оқу жылының жетістіктері атап өтіп, жаңа 2021 – 2022 оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға табысты жұмыс тіледі. Республикалық «Мектепке жол» акциясына, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілік көрсетіп келе жатқан ата- аналарды атап өтіп, алғысын білдірді.
1- сынып оқушылары мектеп, оқу, білім туралы өлеңдер оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді ата- аналар атынан Баубекова Айжан Сакенқызы құттықтады.
11- сынып оқушылары атынан оқу үздігі, мектеп – гимназия белсендісі, 11а сынып оқушысы Ерболат Аяулымның құттықтау сөзінен кейін, 11-сынып оқушылары 1- сынып оқушыларына балаларға «Әліппе» оқулығын табыс етті. Алғашқы қоңырауды 1- сынып оқушылары Абдрахманова Даяна мен Қайрат Нұрхат, Мұхтар Айкүнім мен Ойланбекұлы Нарбол соқты.
Салтанатты жиын жабық деп жарияланып, қонақтар мен мектеп- гимназия оқушылары алғашқы сабақтарға шақырылды. Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтті.