"Сыңғырла,соңғы қоңырау!" атты салтанатты жиын өтті
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2022 жылдың 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназиясы фойесінде сағат 9.00 – де басталды.
Жиынға Көксу ауданының әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлы, Көксу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі,Білім және мемлекеттік қызметтің ардагері, ұлағатты ұстаз Базилов Сайлаубай Бәзілұлы, Гір спортынан 5 дүркін Әлем чемпионы, 4 мәрте Гинес рекордсмені Күзбаев Жұмахан Жұмағұлұлы келіп қатысты.
Салтанатты жиын барысында мектеп – гимназия ұстаздары мен аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.
Жиын басында мектеп – гимназия директоры М. Б.Тулекенов мектеп – гимназияның 2021-2022 оқу жылындағы жұмысы туралы баяндады.
Қонақтардан құттықтау сөз Көксу ауданының әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлына, Көксу ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі,Білім және мемлекеттік қызметтің ардагері, ұлағатты ұстаз Базилов Сайлаубай Бәзілұлына, Гір спортынан 5 дүркін Әлем чемпионы, 4 мәрте Гинес рекордсмені Күзбаев Жұмахан Жұмағұлұлына берілді.
Сынып жетекшілер атынан 11а сынып жетекшісі А.Даутова , ата- аналар атынан Едилова Айнұр Амангелдиновна құттықтау сөз сөйледі.
11- сынып түлегі Ерболат Аяулым мектеп – гимназияның түлектері атынан мектеп – гимназияның ұстаздары мен оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Мектеп – гимназияның «Алтын белгі» белгісіне үміткер түлектері 10 –сыныптың үздік оқушыларына Білім аманатын тапсырғаннан кейін, соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгі» белгісіне үміткерлері Жұмаділ Қуат пен Жұмағалиқызы Нұрайға берілді.
Жиын мектеп –гимназияны бітіруші түлектерінің мектеп вальсімен аяқталды.