"Қош бол,алтын-ұя мектебім!" атты салтанатты жиын өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы мектеп – гимназиясында 2022 жылдың 16 маусым күні «Жас түлек-2022» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназия фойесінде сағат 10.00 – де басталды. Жиынға Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлы, Ғылым және білім қызметкерлерінің кәсіподағының Көксу ауданы бойынша филиалының төрағасы Нусипова Дина Шаяхметқызы және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Аслбекқызы қатысты.
Салтанатты жиын барысында мектеп – гимназия ұстаздары мен аудандандық полиция қызметкерлері кезекшілік жүргізді.
Жиын басында мектеп – гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасымова Балауса Серғазықызы орта білім туралы аттестаты және жекелеген пәндерді оқып үйренудегі ерекше жетістігі үшін мақтау грамотасымен марапаттау туралы бұйрықпен таныстырып, мектеп-гимназия директоры Тулекенов Мұратбек Баянұлы
2021-2022 оқу жылындағы бітіруші түлектерге жалпы орта білім туралы аттестат тапсырды және мектеп бітіруші түлектердің жекелеген пәндерді меңгерудегі жетістіктері үшін мақтау қағаздарымен марапаттады,соңынан мектеп бітіруші түлектерге арнап құттықтау сөз сөйледі.
«Алтын белгі» белгісінің иегерлеріне жалпы орта білім туралы аттестатты Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлы тапсырды.
Қонақтардан құттықтау сөз Көксу ауданының білім бөлімінің басшысы Күзбаев Қуат Жұмағұлұлына және мектеп-гимназия әжелер алқасының мүшесі Балабекова Аңсабала Аслбекқызына берілді.
Сынып жетекшілер атынан 11 Ә сынып жетекшісі Ә.Тоқан, ата- аналар атынан Дәуітәлі Жұмағали Кінәзұлы құттықтау сөз сөйледі.
11- сынып түлегі Жұмаділ Қуат мектеп – гимназияның түлектері атынан мектеп – гимназияның ұстаздары мен оқушыларына жылы лебізін білдірді.
Мектеп бітіру кеші барысында 11-сыныптардың жетекшілері Ә.Тоқан мен А.Даутова және мектеп-гимназияның қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен арнайы киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Салтанатты жиын барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп формасын сақтады.
Оқушылардың тұрғылықты жерлерінен сыртқа, серуенге және т.б. шығуына тыйым салынды, ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
16 маусым күні мектеп бітіруші түлектердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшіліктер ұйымдастырылып, АПБ қызметкерлерімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік шаралары өткізілетін болады.
Мектеп бітіруші түлектерге орта білім туралы аттестат тапсыру мерекесіне арналған салтанатты жиын туралы мәлімет әлеуметтік желілерде жариланды.
https://www.facebook.com/100021847221311/posts/1211438686261027/?d=n