Білім күніне арналған "Сыңғырла, күміс қоңырау" атты салтанатты жиын өтті.
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп – гимназиясында 2022 жылдың 1 қыркүйек күні «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Жиын мектеп-гимназия ауласында сағат 10.00 – де басталды. Жиынға 1-сынып оқушылары, ата- аналары, ұстаздары қатысты.
Жиын алғашқы мектеп табалдырығын аттаған 1- сынып оқушыларын мектеп қабырғасында қарсы алудан басталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, «Жаңа қазақстандық патриотизм» идеясының, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» мемлекеттік жобасы, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалалары туралы айтылып, ҚР мемлекеттік Гимні орындалды. Салтанатты жиын ашылды.
Алғашқы сөз мектеп- гимназия директоры Тулекенов М. Б. берілді. Өз баяндамасында Мұратбек Баянұлы мектеп-гимназия ұжымының өткен оқу жылының жетістіктері атап өтіп, жаңа 2022 – 2023 оқу жылында оқушылар мен ұстаздарға табысты жұмыс тіледі. Республикалық «Мектепке жол» акциясына, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға демеушілік көрсетіп келе жатқан ата- аналарды атап өтіп, алғысын білдірді.
1- сынып оқушылары мектеп, оқу, білім туралы өлеңдер оқыды. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндерді ата- аналар атынан Ешенова Мақпал Әшімханқызы құттықтады.
11- сынып оқушылары атынан оқу үздігі, мектеп – гимназия белсендісі, 11а сынып оқушысы Тастыбай Аяулымның құттықтау сөзінен кейін, алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы қоңырауды 11-сыныптың үздік оқушылары Тойлыбай Хангелді мен Шалқанова Томирис және 1- сынып оқушылары Хабиұлы Нұрислам және Нұрланқызы Іңкар соқты.
Салтанатты жиын жабық деп жарияланып, қонақтар мен мектеп- гимназия оқушылары алғашқы сабақтарға шақырылды. Мектеп-гимназияның барлық сыныптарында «Терең білім, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Оқушылар, олардың ата-аналары мен педагогтер арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы өткізілді. «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм»; «Менің мектептегі алғашқы күнім», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;«Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»; «Менің саяхатым»; «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі»; «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!», «Еңбекқорлық – бақыт негізі» тақырыптары бойынша бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.