«Отбасы-бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өтті.
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні 9 ә сынып оқушыларының қатысуымен Көксу аудандық ішкі саясат бөлімі және «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында дөңгелекүстел өтті.
Дөңгелек үстелге Көксу ауданының орталық мешітінің найб имамы Мұғраж Қажиақбарұлы, Көксу аудандық жастар ресурстық орталығының психологы Мадина Қайратқызы Мухаметкалиева және «Көксу жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақжан Ақылбекұлы Мұсахметов қатысты.
Шараның мақсаты-оқушылар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау.
Schoolchildren тақырыпқа сай презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қазіргі жаһандану үрдісі белең алған кездегі отбасы құндылықтарының құлдырауы туралы мәліметтер айтылып, қазақ халқының қыз бен ұл тәрбиесіне қатысты қағидалары жайлы әңгіме қозғалды. Қазақ отбасындағы ана мен әке рөлі жайлы тағлымы мол әңгіме айтылып, бақытты отбасында ғана бақытты бала тәрбиеленетіндігіне назар аударылды.
Оқушылар отбасы құндылықтары жайлары ойларымен бөлісіп, қонақтарға сұрақтарын қойды. Тәрбиелік мәні жоғары мазмұнды іс-шара
туралы анықтама әлеуметтік желілерде жарияланды.
https://www.instagram.com/p/CVNvgt_t-yR/?utm_=share_sheet