15 мамыр-Халықаралық Отбасы күні
Мектеп-гимназиясы бойынша 15 мамыр-Халықаралық Отбасы күніне орай қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін нығайту, отбасындағы қарым-қатынастың бірлігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында «Отбасы-бақыт мекені» апталығы бекітілген жоспар бойынша өткізілді.
Отбасы апталығы аясында «Жас Ұлан» балалар ұйымы апталықтың ашылуына орай жиын өткізді. Шараға 1-11- сынып оқушылары мен ата-аналар қатысты. 5-11- сыныптар арасында үш тілде шығармалар байқауы өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Бастауыш сыныптар арасында «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
5-сынып оқушылары «Мен отбасымда бақыттымын» тақырыбында презентациялар дайындап, мектеп-гимназия оқушыларына ұсынды.
1-11-сынып оқушылары «Мен отбасыммен мақатанамын» атты бейнероликтер түсіріп, отбасы құндылықтарын насихаттауға атсалысты.
9-10- сыныптар арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында өткен дөңгелек үстел мазмұнды өтті.Үлгілі отбасының моделін жасауға талпынған оқушылар өз ойын еркін айтуға дағдыланды.Апталық соңында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында 1-11- сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.Сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын алдын-ала бекітілген сабақ жоспарларына сәйкес ата-аналарды шақыра отырып, ұйымдастырды. Отбасы апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қызықты әрі тәрбиелік деңгейі жоғары болды. Апталыққа 1-11- сынып оқушылары мен ата-аналары белсене атсалысты. Отбасы апталығы туралы мәлімет ҚР Ministry of Education and Scienceнің бала құқығын қорғау комитетінің жеке парақшасында орналастырылды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959585321446366&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959581398113425&id=100021847221311&sfnsn=mo
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=959575904780641&id=100021847221311&sfnsn=mo