Отбасылық тәрбие бағытында І тоқсанда жүргізілген жұмыстар » Коммунальное государственное учреждение 'Средняя школа гимназия имени Кадыргали Косымулы Жалаири'
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72838) 2-01-16
bookkeeping:
+7(72838) 2-01-16
Version for
visually impaired
10
November
2020

Отбасылық тәрбие бағытында І тоқсанда жүргізілген жұмыстар

Отбасылық  тәрбие бағытында ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру басты назарға алынған. Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында оқу жылы барысында құқықтық жаппай оқыту сабақтары жоспарланды. Сонымен қатар ата-аналар жиналыстарында психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

7-12 қыркүйек аралығындағы Отбасы апталығы аясында     отбасылық құндылықтар насихатталды.  «Мен отбасыммен мақтанамын» бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, ғаламтор желісінде таратылды. https://www.instagram.com/tv/CE1Uf7bHd52/?igshid=3l2dq2rl3pnb


7 қыркүйекте БҰ ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі»тақырыбында  тәрбиелік шара өткізіліп, А.Искакованың ұйымдастыруымен «Мен отбасымда бақыттымын» тақырыбында  презентациялар көрсетілді, бейнероликтер дайындалды.

8 қыркүйекте 8-сыныптар арасында «Бақытты отбасы-бақытты бала» тәрбиелік шара ұйымдастырылып, 10-11-сынып оқушылары «Мен отбасыммен мақтанамын» тақырыбында бейнероликтер дайындап, әлеуметтік желілерде жариялады.

9 қыркүйекте 9-сынып оқушылары арасында «Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтары» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. https://www.instagram.com/tv/CE8H-gZHJeV/?igshid=17nhaac0s63b


19 қыркүйекте 9-сынып ата-аналары НЗМ ұйымдастырумен  «Бақытты ата-ана-табысты ата-ана» тақырыбында өткен курсқа қатысып, сертификаттарға ие болды.

1 қазанда Б.Төлеубайдың ұйымдастыруымен «Менің оқырман отбасым» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.

28 қазанда Ж.Суюнбаеваның ұйымдастыруымен «Біз спортты сүйеміз» атты  отбасылық тәрбиелік шара өтіп, отбасылық құндылықтар, салауатты өмір салты насихатталды.

Мектеп-гимназия бойынша 9 адамнан тұратын қамқоршылық кеңесі жұмыс жасайды.  Кеңестің хатшысы - тарих пәнінің мұғалімі Ж.Абишева.

Ата-аналар комитеті құрамында 7 адам бар, төрағасы Сырманаева Айнагүл, әкелер алқасының құрамында 7 адам, төрағасы Абдилов Қайрат, әжелер алқасының құрамында 5 адам, төрағасы Т.Жүнісова. Кеңестердің жоспары жасалып, бекітілді. Жоспарға сай жұмыс жүргізілуде.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив